Қазақша  |  Русский
Мектеп – қазіргі жеке тұлғаның, келешек ұрпақтың рухани жаңарып-жандануының қайнар көзі ...
Негізгі
 Бастапқы бет
 Жоба туралы
 Теориялық материалдар
 Күнтізбелік жоспар
 ШЖМ-гі жаңашыл ізденістер
 Шетелдегі ШЖМ туралы ақпарат
 Қазақстандағы ШЖМ туралы ақпарат
 Шағын жинақты мектептердің қазіргі жайы
 Орындаушы ұйым
 Бізбен байланыс
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасынан

Қазақстандық білім беру жүйесінің ерекшелігі - мектептердің жалпы санының 56,5%-ын құрайтын (2005 жылы - 52%) ШЖМ болуы. Оның ішінде, ауылдық жерлерде - 68,6%.Іс жүзінде әрбір төртінші мұғалім ШЖМ-да жұмыс істеп, әрбір алтыншы қазақстандық оқушы ШЖМ-да оқиды.


ШЖМ проблемаларын шешу

ШЖМ-дағы білім беру сапасын арттыру проблемаларын шешуге мынадай іс-шаралар ықпал ететін болады:

2011 жылы:
Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясының базасында ШЖМ-ды дамытудың республикалық орталығы, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдардың жанынан 14 өңірлік орталық құрылады, ШЖМ қызметінің үлгі ережесі әзірленеді;
«Мектепке және мектептен тегін әрі қауіпсіз жеткізетін мектептер жоқ елді мекендерде тұратын білім алушылар мен тәрбиеленушілерді қамтамасыз ету» стандарты әзірленеді және қабылданады.

2011 жылдан бастап:
Оқушылар саны 10 және одан көп барлық ШЖМ жаңа түрдегі компьютерлермен және кең жолақты Интернетке қол жеткізумен қамтамасыз етіледі. Қашықтықтан оқыту «e-learning» электрондық оқыту шеңберінде ұйымдастырылады;

160 тірек мектеп ашылады.

Тірек мектеп (ресурстық орталық) - базасында жақын маңдағы ШЖМ-ның білім беру ресурстары шоғырланатын білім беру ұйымы. Әрбір ресурстық орталыққа бірнеше ШЖМ бекітіледі. ШЖМ-дағы балалар үш рет (оқу жылының басында, ортасында және соңында) он күннен (сессия) тірек мектепте білім алады әрі онда аралық және қорытынды аттестаттау тапсырады. Сессияаралық кезеңде ШЖМ-да оқыту тірек мектеп мұғалімдерінің қатысуымен және қашықтықтан оқыту технологияларының көмегімен жүргізіледі. Осылайша, ресурстық орталықтар ШЖМ оқушыларының сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
2020 жылға қарай ШЖМ, негізінен, бастауыш және негізгі орта білім деңгейлері үшін жұмыс істейді. ШЖМ проблемасы тірек мектептер (ресурстық орталықтар), интернаттар, жеткізу есебінен шешіледі


 

Абай атындағы ҚазҰПУ ректорының алғы сөзі

Құрметті сайт оқырмандары!

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «ҚР шағын жинақты мектеп академиясы» порталына қош келдіңіздер!
Ауыл мектебі, оның ішінде шағын жинақты мектеп - әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең өзектісі. Өйткені, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру, мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру, оқу-әдістемелік және материалдық- техникалық жағынан қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда мұндай мектептердің өзіндік қиындықтары бар екені белгілі.(Толығырақ)


 
© 2010-2012 Академия малокомплектных школ Казахстана